Қазақстан экспортын жеңілдету мақсатында Иранда логистикалық орталық салады
Сәу 15, 2019 21:27 Asia/Almaty
Қазақстанның ақпарат құралдары ел үкіметінің Парсы шығанағы аймағындағы елдердің нарығына экспортын жеңілдету үшін Иранда логистикалық орталық салуға шешім қабылдағанын хабарлады.
KAZAKH ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді мен Иранның Жол және қала құрылысы министрі Мұхаммад Исламидің келісіміне сәйкес, Қазақстан Үкіметі Иранның порттарында екі логистикалық орталық салуға шешім қабылдады. Бұл логистикалық орталықтардың құрылысы үшін Мазендаран облысындағы Амирабад порты мен Бандар-Аббастан Қазақстанға жер бөлінеді. Сөйтіп, Қазақстанның Парсы шығанағы мемлекеттеріне экспорты жеңілдейді.