Назарбаев: Тарих циклі әлемнің назарын Шығысқа қайта қаратады
Қазақстанның бұрынғы Президенті әлем назарының Шығысқа қайта ауатынына тоқталып, Азияның 21 ғасырда маңызды аймақ болатынын айтты.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың астанасында өтіп жатқан "Бір белбеу – бір жол" атты екінші халықаралық форумда тілшілерге берген сұхбатында: "Бүгін "Бір белбеу – бір жол" жобасының бірінші кезеңі сәтті орындалған соң бастаманың көптеген жетістіктеріне тоқталуға болады.
Әлем қарама-қайшы геосаяси ұғымдардан шаршады, ол қазір ортақ геоэкономикалық дамуға көбірек ынта танытып отыр.
Шын мәнінде, Қытай мен Ресей, Еуропа мен Орта Азияның кейбір елдері және көптеген қатысушылардың талпыныстарының арқасында заманауи Жібек жолы бір тұрақты белбеуге айналып, дамытылып жатыр",-деді.
Назарбаевтың айтуынша, саяси текетірес, санкциялар мен сауда соғыстарына қарамастан, "Бір белбеу – бір жол" жобасы аясында сауда көлемі артып, қазіргі таңда 5 трлн доллар немесе әлемдік сауданың үштен бірін құрайды.
Назарбаев бүгінде әлемнің жалпы ішкі өнімінің 28 пайызы Азияда шоғырланғанын, бұл көрсеткіштің болашақта одан ары арта түсетінін айтты.