Болтон Венесуэлаға қоқан-лоққысын қайталады
АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Вашингтонның Каракасқа дұшпандық ұстанымын қайталап, Венесуэлаға қарсы барлық шараның қарастырылатынын қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Венесуэладағы төңкерістің сәтсіздікке ұшырағанына ызалы Болтон: «АҚШ Мадуродан кейінгі күндерге бағдарламаларын дайындап отыр»,- деді. АҚШ Президенті Дональд Трамп та Твиттерде Венесуэланың жағдайын жақыннан бақылап отырғанын баяндап: «АҚШ азаттық үшін Венесуэла халқының қасында»,- деп жазды.
Венесуэла үкіметі қарсыластарының басшысы Хуан Гуайдо видео арқылы жақтастары мен елдің қарулы күштерінен заңды Президент Николас Мадуроға қарсы қарулы көтеріліске шығуды сұрады. Бірақ оның шақыруын Венесуэла әскерилері қолдамай, Гуайдо мен одақтастарының «кіші төңкерісі» сәтсізідкке ұшырады.
Венесуэла Сыртқы істер министрі Хорхе Арреаса төңкерісті АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон басқарғанын мәлімдеді.