Зарифтің Азиядағы ынтымақтастық диалогы ассамблеясы аясындағы кеңестері жалғасуда
(last modified Thu, 02 May 2019 11:14:52 GMT )
Maм 02, 2019 17:14 Asia/Almaty
  • Зарифтің Азиядағы ынтымақтастық диалогы ассамблеясы аясындағы кеңестері жалғасуда

Малайзия мен Индонезияның Сыртқы істер министрлері, Үндістанның Сыртқы істер жөніндегі кеңесші-министрі мен Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Дохада өткен Азиядағы ынтымақтастық диалогы ассамблеясының аясында жеке-жеке Иран Сыртқы істер министрімен кездесіп, сұхбаттасты.

Азиядағы ынтымақтастық диалогы ассамблеясына қатысу үшін Катар астанасы Дохаға барған Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күнгі кездесулерде екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Иранның дипломатиялық аппаратының басшысы, сондай-ақ, кеше, сәрсенбі күні өзінің түркиялық, катарлық және шриланкалық әріптестерімен келіссөз жүргізді.

Зариф сонымен қатар кездесулердің соңында Twitter-дегі жеке парақшасында  аймақтық диалог ассамблеясын құру және экспансиялық біржақтылықты ауыздықтау үшін аймақ елдерінің күш-қуаттарын біріктірудің маңыздылығын айтты.