Maм 05, 2019 17:28 Asia/Almaty
  • Джо Байдон: Трамп – сайқымазақ

АҚШ-та 2020 жылы өтетін президенттік сайлаудың демократ үміткері осы елдің басшысына «сайқымазақ» деген лақап ат қойды.

«Политика» басылымының хабарлауы бойынша, Джо Байдон сенбі күні Оңтүстік Каролина штатындағы сайлауалды жиынында: «Трапмқа көптеген лақап ат қоюға болады. Бірақ мен «сайқымазақ» деген лақаптан бастаймын»,-деді.

Байденнің бұл сөзі жиынға қатысушылардың күлкісін келтіріп, Трампқа қарсы реакция тудырды.

CNN ақпарат арнасының 30 сәуірде жариялаған сауалнама нәтижесіне сәйкес, Байден 11 ұпай жинап, басқа демократ бәсекелестерінен әлі  жоғары тұр.

 

 

Тегтер