Қазақстан мен Иран теңіз ынтымақтастығын дамытуды қуаттады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i42042-Қазақстан_мен_Иран_теңіз_ынтымақтастығын_дамытуды_қуаттады
Ирандағы Қазақстан елшісі мен Иранның Теңіз қатынасы мен порттар ұйымының директорының кездесуінде екі ел мен аймақ арасындағы транзитке қатысты маңызды және стратегиялық ынтымақтастық туралы келіссөздерді жалғастыру және теңіз бен порт қатынастары деңгейін арттыру қуатталды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 07, 2019 14:47 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Иран теңіз ынтымақтастығын дамытуды қуаттады

Ирандағы Қазақстан елшісі мен Иранның Теңіз қатынасы мен порттар ұйымының директорының кездесуінде екі ел мен аймақ арасындағы транзитке қатысты маңызды және стратегиялық ынтымақтастық туралы келіссөздерді жалғастыру және теңіз бен порт қатынастары деңгейін арттыру қуатталды.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Растад Асхат Оразбаймен кездесуінде екі елдің ұлттық мүдделерін қамтамасыз етуге қажет әртүрлі салалардағы екіжақты қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтарды дамыту қуаттап:  «Қазақстан  ИИР арасындағы  экономикалық қарым-қатынастарын алға ілгерлеткісі келеді»,- деді.

Иранның  Теңіз қатынасы мен порттар ұйымының директоры қазақстандық компаниялардың Иранның порттарындағы инвестициясын қолдап, екі елдің арасындағы кеме қатынастары  ынтымақтастығы туралы келісімге тоқталып: «Бұл келісімнің іске асырылуы теңіз бен порттар қарым-қатынастарын дамыту үшін жақсы мұрсат»,- деп қосты.

Асхат Оразбай да Қазақстанның Иранның порттары мен теңіз қатынасына инвестиция салуға дайын екенін қуаттап  және өзінің Амирабад, Шәһид Раджаи атындағы порт пен Чабаһар порттарының мүмкідіктерімен танысқанына тоқталды. Қазақстан елшісі Мұхаммад Растадты Ақтауда өтетін екі елдің теңіз және порттар ортақ комитетінің жетінші отырысына қатысуға шақырды.