Болтонның сандырағы: Иран, Ресей мен Куба Венесуэланың ішкі ісіне араласады
(last modified Sat, 11 May 2019 11:18:45 GMT )
Maм 11, 2019 17:18 Asia/Almaty
  • Болтонның сандырағы: Иран, Ресей мен Куба Венесуэланың ішкі ісіне араласады

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі жұма күні Twitter-дегі жеке парақшасында Иран, Ресей мен Кубаның Венесуэланың ішкі істеріне араласатынын айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Джон Болтон: "АҚШ Куба, Ресей мен Иран сияқты сыртқы әскери ойыншылар тарапынан Венесуэлада демократия жойылып, басып-жаншуға қолдау білдірілуіне төзбейді",-деді.

Болтон осыдан бұрын  Иран, Ресей мен Кубаны Венесуэланың ішкі істеріне араласады деп айыптады.

АҚШ соңғы апталарда Венесуэла үкіметінің оппозиционерлерін қолдау арқылы бұл елде төңкеріс жасауды көздеген болатын.