Ресей: ДАИШ – Шанхай ұйымының басты қаупі
(last modified Fri, 17 May 2019 13:56:30 GMT )
Maм 17, 2019 19:56 Asia/Almaty
  • Ресей: ДАИШ – Шанхай ұйымының басты қаупі

Ресей лаңкестік топтардың, әсіресе ДАИШ-тың Ауғанстанға шабуылдарының артуын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер мен Орта Азия аймағындағы елдердің қауіпсіздігіне төнген басты қатер деп атады.

"Российская газета" басылымының хабарлауы бойынша, Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев Қырғызстанның астанасы Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының он  төртінші отырысында сөйлеген сөзінде: "Лаңкестер, соның ішінде ДАИШ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдерді, бірінші кезекте Орта Азия аймағындағы елдерді өздерінің экстремистік идеологиясын таратуға қолайлы жер деп тауып, соған қатысты әрекеттер жасап жатыр ",-деді.

Николай Патрушев: "ДАИШ лаңкестік тобының Ауғанстандағы шабуылдары қауіпсіздікке ең көп қатер төндіріп отыр. Біздегі мәлімет бойынша, қазір Ауғанстанда 2500-ден 4000-ға жуық даиштік лаңкес бар. Сол себепті олардың Орта Азия елдеріне ену қатері артып отыр",-деді.

Тегтер