Орта Азия республикалары басшылары Тоқаевты құттықтады
Орта Азия республикалары басшылары телефон арқылы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның президенттік сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады.
"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметінше, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев және Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков телефон арқылы қатынас орнатып, Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның кезектен тыс өткен президенттік сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады. Тәжікстан мен Қазақстан басшылары екі елдің арасындағы алға ілгерлеп келе жатқан жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтардың перспективалары туралы пікір алмасты. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Тоқаевпен телефон арқылы сұхбатында екіжақты қарым-қатынастар мен аймақ және әлем мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков пен Тоқаев екі елдің екіжақты ынтымақтастықтарын жалғастыруға дайын екендерін қуаттады.