Солтүстік Корея жетекшісі Америка президентімен үшінші рет кездесті
Маусым 30, 2019 18:05 Asia/Almaty
Америка мен Солтүстік Корея басшылары екі Кореяның әскери емес Пханмунджом аймағында үшінші рет кездесті.
Fars News агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп Оңтүстік Корея шкекарасынан Солтүстік Кореяға өтіп, Ким Чен Ынмен кездесті.
Америка Президенті Солтүстік Корея жеріне қадам басу арқылы сол елдің жетекшісіне қол беріп, екі ел арасындағы символдық шекарадан Ким Чен Ынмен бірге өтті.
Дональд Трамп Ким Чен Ынмен кездесуін оң, әрі тарихи деп сипаттағанымен, тілшілерге берген сұхбатта санкциялардың сақталатынын мәлімдеді.
Дональд Трамп Солтүстік Корея аумағына енген Американың алғашқы президенті.
Тегтер