Әлемдік қоғам АҚШ-тың адамзатқа қарсы әрекеттеріне қарсыласуы керек
«Америкалық адам құқығы, лаңкестік пен санкциялар» деп аталған отырысқа қатысушылар АҚШ-тың адам құқығы жөніндегі органдарға қысым көрсету әрекеттерін сынап, әлемдік қоғамды АҚШ-тың адамзатқа қарсы әрекеттеріне қарсы тұруға шақырды.
«Америкалық адам құқығы, лаңкестік пен санкциялар» отырысына қатысушылар қорытынды мәлімдемесінде: «Әлемнің түпкір-түпкіріндегі АҚШ-тың әртүрлі заңсыз әрекеттері, олардың ішінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы мен Иран халқына қарсы залым санкцияларын енгізуі адам құқығының әшкере бұзылуының мысалы»,- деді. Бұл мәлімдеме америкалық «Винсеннес» крейсерінің 1988 жылдың 3 шілдесінде Иранның жолаушы тасымалдайтын ұшағына жасаған шабуылын еске салып: «Азаттықты талап ететін және адам құқығын қорғаушы ұйымдардың мойындауынша, Парсы шығанағы суларының үстінде Иранның жолаушы тасымалдайтын ұшағына жасаған шабуыл АҚШ басшыларының адам құқығын айқын бұзу әрекеттерінің бірі болды. Әртүрлі халықаралық оқиғалар адам құқығы қорғаушылары ұйымы мен әлемнің кейбір жерлеріндегі адам құқығы ұйымдарының осы кезге дейін ірі құдыреттердің билеп-төстеуінің әсеріне түсіп, еш уақытта бейбітшілік, қауіпсіздік пен әділет орнатып, адам құқығын сақтай алмайды»,- деп айтылды.