АҚШ Ұлыбританияның теңіз қарақшылығын қолдады
АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Ұлыбританияның ирандық танкерді тұтқындау заңсыз әрекетін қолдады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Джон Болтон Твиттерде Гибралтар жағалауындағы ирандық танкердің тұтқындалуын «өте жақсы хабар» деп тауып: «Бұл танкер Еуроодақ санкцияларын бұзды»,- деп жазды.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы ирандық танкердің заңсыз ұсталуын қайшылықтарды арттыратын әрі қатерлі фактор деп атады. Аббас Мусави: «Испания Сыртқы істер министрлігі ирандық мұнай тасымалдайтын танкердің АҚШ үкіметінің талабымен ұсталғаны туралы жариялады. Бұл трансаймақтық санкциялардың бір түрі. Еуроодақ АҚШ-тың трансаймақтық санкцияларына қарсы болған. ИИР да бұл мәселені қабылдамайды. Бұл мәселе аймақтағы қайшылықтардың артуына себеп болады»,- деді. АҚШ: «Бұл танкер Сирияға шикі мұнай апар жатты»,- деп уәжденді.