Трамп Иранға тағы қоқан-лоққы жасады
АҚШ Президенті жұма күні тағы Иранға қарсы қоқан-лоққы сөз айтты.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Дональд Трамп Нью-Джерсидегі демалыс жеріне аттанардан бұрын журналистердің алдында Иран туралы сұраққа: «Иранның келешегі қандай болатынын көрерміз, Иран өте абай болуы керек»,- деп жауап берді.
Трамп сәрсенбіде де Твиттерінде ИИР Президентінің Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайтыуның екінші қадамы туралы сөзін «жаңа қоқан-лоққы» деп атап, бұл қоқан-лоққының Иранға қайтып оралатыны туралы жариялаған болатын.
Иран Президенті Хасан Рухани сәрсенбіде АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан біржақты шығуына және Еуроодақтың Вашингтонның заңсыз әрекетінің экономикалық шығындарының орның толтыру уәделерін орындамағанына тоқталып, Теһранның Еуропаға берген 60 күн мұрсаты аяқталған 7 шілдеден Иранның уран байыту деңгейін қажет деңгейге дейін көтеретіні туралы қуаттады.