Қырғызстанның қауіпсіздік басшылары Орталық Азияны тұрақсыздандыруға Батыстың рөлін қуаттады
(last modified Sat, 13 Jul 2019 11:33:53 GMT )
Шіл 13, 2019 17:33 Asia/Almaty
  • Қырғызстанның қауіпсіздік басшылары Орталық Азияны тұрақсыздандыруға  Батыстың рөлін қуаттады

Қырғызстанның Қорғаныс министрлігі барлау қызметінің бұрынғы басшысы Батыстың Орталық Азияны тұрақсыздандыруды көздейтінін қуаттады.

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қырғызстанның Қорғаныс министрлігі барлау қызметінің бұрынғы басшысы Малик Жумагулов: "Батыс Ауғанстан арқылы Орталық Азияны тұрақсыздандыруды көздеуде",- деді. Ол Ауғанстанды Орталық Азия елдері шекараларына жақын орналасқан ең дағдарысты ел екеніне тоқталып: "Америкалық күштердің орналасуымен бұл елдің жағдайы өзгермеді. АҚШ-тың қаржылай және әскери қолдауларымен лаңкестік топтар Таяу Шығыстан Ауғанстанға көшірілуде. Бұл Орталық Азияның қауіпсіздігі үшін қауіп-қатер болып табылады. ДАИШ сынды лаңкестік топтар әлем мен аймаққа қауіп-қатер тудыруда. Сондықтан Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт ұйымы мүшелері лаңкестік пен экстремизмге қарсы күресінің деңгейін көтерулері  қажет",- деп қосты.

 

Тегтер