Джумагулов Батыстың Орталық Азияда бейберекеттік қалыптастырудағы рөлін сынады
Қырғызстан Қорғаныс министрлігі Барлау ұйымының бұрынғы басшысы Малик Джумагулов Батыстың Орталық Азияда бейберекеттік тудырудағы рөлін сынап: «Батыс Орталық Азияда бейберекеттік орнатуды көздейді. Бұл мақсатын Ауғанстан арқылы жүзеге асыруға талпыныс жасауда»,- деді.
Джумагулов ең дағдарысты аймақ Ауғанстанның Орталық Азия елдерімен ортақ шекаралары бар екенін, америкалық әскерилердің Ауғанстандағы құзырына қарамастан ел жағдайы өзгермегенін айтты.
Бұдан бұрын да Ресей мен Орталық Азия елдері қауіпсіздік саласының басшылары Ауғанстаннан төнетін қауіп-қатер мен экстремизмнің Орталық Азия мемлекеттеріне әртүрлі формаларда жететінін ескерткен болатын. Пәкістан, Ауғанстан сияқты елдердегі исламның атын жамылған әртүрлі лаңкестік ұйымдар мен экстремистік топтардың құзыры Орталық Азияға, әсіресе Тәжікстан мен Қырғызстан секілді елдерге өз әсерін тигізетіндігінде шәк жоқ. Бұл елдер ДАИШ секілді лаңкестік ұйымдар мен радикалды топтар үшін қауіпсіз мекен бола алады. Олардың мүшелері осы елдерден шығып, әсіресе Сирия мен Иракта соғысып, экстремизмнің техникаларымен танысқан.
Бұл туралы Орталық Азия қауіпсіздік мәселелерінің маманы Юрий Данейкин былай дейді: «Орталық Азия елдерінің ортақ қауіпсіздікке қатысты бірнеше басты алаңдаушылығы бар. Бұл мәселелерді шекаралық қауіпсіздік, лаңкестік пен есірткі заттары деп бөлуге болады».
Шындық мынада: ДАИШ лаңкестік тобы Ирак пен Сирияда жеңіліп, екі елде көздері жойылған соң топтың қалған мүшелері өз белсенділіктерін жалғастыру үшін ыңғайлы мекенді қажет етіп отыр.
ДАИШ тобынан қалған лаңкестер Батыс елдерін паналағысы келгенімен, Батыс үкіметтері, әсіресе Америка лаңкестердің мұндай түрін Орталық Азия аймағына аттануға ынталандыруға күш салуда.
Осындай жағдайда Ауғанстанның ДАИШ күштерін аттандыру үшін ыңғайлы мекен екендігіне күмән тумайды.
Ауғанстан солтүстігінде Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстанмен 2300 шақырымнан астам ортақ шекараға ие.
Жарияланған жаңа мәліметтерге сәйкес, Ауғанстан мен Тәжікстанның ортақ шекараларында орналасқан лаңкестердің саны 7000 адам. Бұлар – көбінесе ДАИШ ағымына қарасты лаңкестер. Америка мен Батыстың кейбір үкіметтері олардың жұмыстарын қайтадан белсенді ету үшін талпыныс жасап жатыр.
Әскери содырлардың мұндай санмен мықты бір армия ретінде Орталық Азия республикаларында рөл атқара алатыны шәксіз. Батыстың Ресей, Қытай мен тағы басқа да тәуелсіз үкіметтермен бәсекелестігін назарға алып, Америка экстремизм және лаңкестікті Орталық Азия елдеріне тарату арқылы өз бақталастарымен күресуді көздейтін сияқты деп айтуға болады.