Там 04, 2019 17:06 Asia/Almaty
  • АҚШ тың Техас штатында болған атыстан 20 адам қаза тауып, 24 адам жараланды

АҚШ тағы Техас штатының әкімі Грег Эбботт сенбі күні түстен кейін (жергілікті уақыт бойынша): «Осы штаттың Эль Пасо қаласының Walmart сауда орталығында болған атыстан 20 адам қаза тауып, 24 адам жараланды», деп хабарлады.

ParsToday ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, бұл атысқа басты күдікті –21 жастағы Патрик Крусиус. Ол қазір қамауда жатыр.  

Крусиус мексикалық мигранттардың Техасқа көптеп келуі себебінен оқ атқанын айтты.

Патрик Крусиус, сондай‑ақ, Жаңа Зеландияда болған лаңкестік шабуылды жасаушыны қолдайтынын айтты.

Бұл қылмыс жергілікті уақыт бойынша сенбі күні таңертең орын алды.

АҚШ Президенті Дональд Трамп осы қылмыстан кейін Twitter‑дегі жеке парақшасында қаза болғандар санының көп болғанына ғана өкініш білдіріп, мұны қорқынышты оқиға әрі жағымсыз хабар деп атады.

АҚШ‑та Дональд Трамп президент болғалы бері елде оңшыл әсірешіл және нәсілшіл топтардың белсенділіктері айтарлықтай артты.

Тегтер