Там 20, 2019 14:20 Asia/Almaty
  • АҚШ: Грекия ирандық танкерге көмектеспеуі керек

АҚШ дүйсенбі күні Иранға қарсы жауластық әрекеттерін жалғастырып, Грекия үкіметіне Adrian Darya ирандық танкеріне көмектеспеу туралы ескертті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  АҚШ Мемлекеттік департаменті: «Грекияның ирандық танкерге көрсеткен кез келген көмегі шетелдік лаңкестік ұйымдарды қолдау деп түсініледі»,‑деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео да дүйсенбі күні Fox News агенттігіне берген сұхбатында Иранның құқықтық тұрғыдан жеңіп, Adrian Darya-1 ирандық танкерінің азат етілгеніне ашу‑ыза білдіріп: «Бұл танкердің босатылуы өкініш тудырады»,‑деп мәлімдеді.

Adrian Darya-1 (Grace-1) ирандық танкері жексенбі күні таңертең Гибралтар суларында 45 күн тұтқында болғаннан кейін  халықаралық суларға бет алды.

Иранның 2 млн баррельден аса мұнайын тиеген Adrian Darya-1 ирандық танкерін тұтқыннан босату үкімі саяси‑ақпараттық орталарда АҚШ пен Ұлыбританияның ірі жеңілісі деп сипатталды.

Тегтер