Пентагон: Аймақтағы америкалық әскерилердің саны – шамамен 75 мың адам
Пентагон дүйсенбі күнгі бір есебінде АҚШ күштерінің Батыс Азияда орналасу мақсатының аймақта тұрақтылық орнату екенін айтып: «Қазіргі таңда аймақта, әсіресе Ауғанстан мен Иракта шамамен 75 мың америкалық әскери бар», деді.
Түркияның Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, екі ай бұрын АҚШ‑тың Қорғаныс министрлігі бір есебінде Батыс Азияда бұл ел әскерилері санының арттырылғанын растап, бұл шара мақсатының аймақта қауіпсіздік коэффициентін арттыру деп уәж айтқан болатын.
Ал бұл жағдайда АҚШ өткен бір айда Парсы шығанағында теңіз коалициясын құруға кең түрде талпыныс жасап, осы орайда әлемнің түкпір‑түкпіріндегі, әсіресе Еуропа мен Азиядағы өз одақтастарымен ауқымды саяси‑әскери кеңестер өткізді.
Осы уақытқа дейін Ұлыбритания, сионистік режим мен Оңтүстік Корея АҚШ‑тың Парсы шығанағындағы коалициясына қосылатындарын мәлімдеді.