Зариф: АҚШ Парсы шығанағында бейберекеттік тудыра алмайды
Иран Сыртқы істер министрі: «ИИР Парсы шығанағының қауіпсіздігін сақтауға талпынып жатыр. АҚШ бұл аймақта бейберекеттік тудыра алмайды», деді.
Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Ослодағы кеңесулерінің жалғасында Норвегия халықаралық зерттеу институтында (NUPI) өткен отырыста соғыс қаупі пен Парсы шығанағының болашағы туралы: «Иран Парсы шығанағында соғыс бастайтын ел емес, бірақ өзін қорғайды»,‑деді.
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ санкцияларының көздегені Иран халқы екенін және мұның лаңкестіктің бір түрі саналатынын айтып: «Әлем елдері АҚШ‑қа өздеріне күш көрсетуіне жол бермеулері керек. ИИР зорлыққа көнбейді»,‑деді.
Зариф Иранның 1500 миль жағалаумен Парсы шығанағындағы ең үлкен ел екенін айтып: «Ормуз бұғазының қауіпсіздігі Ирансыз қамтамасыз етілмейді. Ешқай ел бұл аймақта бейберекеттік тудыра алмайды»,‑деді.