Мешхед қаласында Түркіменстан тауарларының көрмесі басталды
Бұл үшкүндік көрмеде Түркіменстанның әртүрлі өнімдері мен қызметтері, соның ішінде мұнай-газ, бензин өнімдері, құрылыс материалдары, мал және егін шаруашылығы өнімдері, сүт өнімдері, пластикалық бұйымдар, жиһаз бен декорация, жылыжайлар, қолөнер бұйымдары, мәдени, инженерлік-техникалық қызметтер жұрт назарына ұсынылды.
Түркіменстанның Ирандағы елшісі Ахмет Құрбанов жексенбі күні кешке көрменің ашылу рәсімінде экономикалық қарым-қатынасты дамытуда Иранның Түркіменстан үшін басты басымдыққа ие екенін айтып: «Бұл көрмені өткізу екіжақты әріптестікті дамытуда маңызды қадам болып саналады»,-деді.
Иранның Хорасан-е Разави облысының әкімі Әлиреза Рәзм Хосейни Мешхедте ашылған Түркіменстан тауарларының көрмесіне жіберген жолдауында: «Иран мен Түркіменстан қарым-қатынасының тарихы тереңде жатыр. Екі ел арасындағы мәдени және экономикалық байланыстар ғасырлар бұрын басталған. Түркіменстан тәуелсіздік алғаннан кейін бұл байланыс арта түсті»,-деді.
Рәзм Хосейни Иран мен Түркіменстан қарым-қатынасын дамытуға кедергілердің барына тоқталып: «Екі елдің саяси ерік-жігерінің арқасында бұл қиындықтар шешіледі»,-деді.