Болтон қызметінен босатылды
Қыр 11, 2019 14:59 Asia/Almaty
АҚШ Президенті Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонды қызметінен босатты.
«Рейтерс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ Президенті Дональд Трамп сейсенбіде: «Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон қызметінен босатуды сұрады»,- деп жариялады. Трамп Твиттерде: «Өткен кеште Джон Болтонға Ақ үйдің оның қызметін қажет етпейтінін хабарладым»,- деп жазды. АҚШ Президенті: «Мен және үкіметтегі басқа кейбір адамдар оның кейбір ұсыныстарына қарсы болдық. Сондықтан Джоннан қызметінен кету өтінішін жазуды сұрадым. Ол бүгін таңертең өтінішін берді. Келесі аптада Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі таныстырылады»,- деп қосты.
Тегтер