Рухани мен Макрон БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы аясында пікір алмасты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43561-Рухани_мен_Макрон_БҰҰ_Бас_ассамблеясының_сессиясы_аясында_пікір_алмасты
ИИР Президенті Хасан Рухани мен Франция Президенті Эммануэль Макрон дүйсенбі күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясы аясында кездесіп, пікір алмасты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 24, 2019 12:37 Asia/Almaty
  • Рухани мен Макрон БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы аясында пікір алмасты

ИИР Президенті Хасан Рухани мен Франция Президенті Эммануэль Макрон дүйсенбі күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясы аясында кездесіп, пікір алмасты.

Pars Today агенттігінің мәліметі бойынша, Рухани мен Макрон кездесуде екі елдің екіжақты және халықаралық әртүрлі салалардағы қарым-қатынастары мен ынтымақтастығын дамытуды қуаттап, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында қалған Франция мен басқа елдердің келісімдегі өз міндеттемелерін сақтап, іске асыру талпыныстарының егжей-тегжейі, аймақтың сезімтал жағдайы мен Руханидың «Ормұз бұғазының бейбітшілігі» атты Парсы шығанағы аймағының қауіпсіздігін қорғау туралы жаңа бастамасы жөнінде пікір алмасты.

Эммануэль Макрон ИИР Президентінің Парсы шығанағы аймағының қауіпсіздігі жобасын қолдауымен бірге Францияның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын іске асыруға көмектесу жолындағы талпыныстарына тоқталып, Еуропа елдерінің келісімнің басқа мүшелерімен, әсіресе Ресей және Қытаймен ынтымақтастығын қажеттілік деп атады.