Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында Иранға қарсы айыптарын қайталады
АҚШ Президенті Трамп БҰҰ Бас ассамблеясының 74 сессиясында ИИР-на қарсы өзінің ескі айыптарын қайталады.
Fars News агенттігінің мәліметі бойынша, Дональд Трамп сейсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының 74 сессиясында Иранды лаңкестіктің қолдаушысы деп атап: «Теһран әлемнің бейбіт халықтары үшін ең үлкен дағдарыс тудырып отыр»,- деген уәж айтты. Дональд Трамп сөзінің жалғасында Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табандылығын растаған 15 мәлімдемесіне сілтеме жасамастан: «Теһран ядролық қару мен зымыранға қол жеткізуге әрекет жасауда. Вашингтон Иранға мұндай қаруларға қол жеткізуге рұқсат етпейді»,- деді. АҚШ Президенті Вашингтон санкцияларының Иранның тұрмысы орташа және төмен халқына зиян тигізіп отырғанына көзжұмбайлық танытып, санкцияларын жалғастыратынын мәлімдеді.