Путин америкалықтардың Иранға қарсы жалған айыптарына реакция білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43687-Путин_америкалықтардың_Иранға_қарсы_жалған_айыптарына_реакция_білдірді
Ресей Президенті Путин Американың "Иран Aramco мұнай нысандарына жасалған шабуылға қатысты" деген уәждерін қабылдамай: "Бұл туралы ешқандай құжат жоқ", - деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 03, 2019 09:01 Asia/Almaty
  • Путин америкалықтардың Иранға қарсы жалған айыптарына реакция білдірді

Ресей Президенті Путин Американың "Иран Aramco мұнай нысандарына жасалған шабуылға қатысты" деген уәждерін қабылдамай: "Бұл туралы ешқандай құжат жоқ", - деді.

Interfax агенттігінің мәліметі бойынша Ресей президенті Владимир Путин кеше сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде "Иранды Сауд Арабиясының Aramco мұнай нысандарына жасалған шабуылға кінәлі дейтіндей ешқандай құжат жоқ. Америка ешқандай құжат ұсынбастан Иранды Сауд Арабиясына жасалған шабуылға қатысы бар деп айыптап отыр", - деді.

Путин сөзінің жалғасында Американың Иранға қарсы санкциялары әлемдік экономика мен энергетика нарығына зиян келтіріп жатқанын айтты.