Британияның Манчестер қаласында имам Хусейн (ғ.с.) «Арбағині» қарсаңында шеру өтті
Қаз 07, 2019 11:41 Asia/Almaty
Кеше, жексенбі күні «Арбағин» қарсаңында әртүрлі елдердің мұсылмандары Британияның Манчестер қаласының көшелеріне шерулерге шығып, шәһидтердің жетекшісі Исламның ұлық пайғамбарының немересі имам Хусейнге (ғ.с.) махаббаттары мен адалдықтарын білдірді. Британиядағы шектеулерге байланысты «Арбағин» шеруі сол күнге ең жақын ресми демалыс күні өтеді. 20 сафар, сәйкесінше 19 қазан – имам Хусейн (ғ.с.) мен адал серіктерінің Кербала даласында шәһид болған күннің қырқы.