Трамп Сирияның солтүстігінен артқа шегінуін ақтады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43754-Трамп_Сирияның_солтүстігінен_артқа_шегінуін_ақтады
АҚШ Президенті Твиттердегі жазбасында америкалық күштердің Сирияның солтүстігінен артқа шегінуін ақтап: «АҚШ армиясы мақсатсыз соғысқа шырмалды»,- деп жазды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 08, 2019 11:59 Asia/Almaty
  • Трамп Сирияның солтүстігінен артқа шегінуін ақтады

АҚШ Президенті Твиттердегі жазбасында америкалық күштердің Сирияның солтүстігінен артқа шегінуін ақтап: «АҚШ армиясы мақсатсыз соғысқа шырмалды»,- деп жазды.

ИРНА ақпарат агентігінің мәліметі бойынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп кеше дүйсенбі күні Твиттердегі жазбасында америкалық күштердің Сирия мен Түркияның ортақ шекара аймақтарынан артқа шегінуін ақтап: «АҚШ армиясы Сирияда 30 күн болуы керек еді. Бұл бұрынғы жылдармен байланысты, бірақ мақсатсыз соғысқа шырмалды»,- деп жазды. Трамп Еуропаның ДАИШ тобының мүшелері болған өз азаматтарын қабылдауға немқұрайдылық танытуы жөнінде сөзінде  Еуропаның олардың оралуын қаламайтынын, ДАИШ мүшелерін АҚШ-та ұстауды сұрағанын, бірақ өзінің келіспегенін жазды.

Дональд Трамп кеше дүйсенбі күнгі келесі твитінде АҚШ сарбаздарының Сирияның солтүстігінен шығу үдерісінің басталуына реакция білдіріп: «АҚШ-тың Батыс Азия аймағындағы аяқталмайтын соғыстардан шығатын уақыты жетті»,- деп мәлімдеді.