Пентагон Сирияның солтүстігіндегі Түркияның әскери әрекеттеріне реакция білдірді
Қаз 08, 2019 12:12 Asia/Almaty
Пентагон Түркияның Сириядағы әрекетін қолдамайтынын жариялады.
France Press ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Пентагон кеше АҚШ Президенті Дональд Трамптың Анкараға қарсы қоқан-лоққыларынан кейін жасаған мәлімдемесінде Түркияның Сириядағы әрекетін қолдамайтынын жариялады. Пентагон сондай-ақ, америкалық әскерилердің Сириядан шығуының Түркия шекарасындағы бұл күштердің кішкентай бөліміне қатысты екенін мәлімдеді.
Дональд Трамп твитінде: «Түркия Сирияда шектен шықса, Анкараның экономикасын толық жояды»,- деп қорқытты.
Республикашыл сенатор Линдси Грэм дүйсенбі күні Анкараға Түркия армиясы Сирияға шабуыл жасаса, АҚШ Конгресінің Түркияға санкция салу даусының басым болатынын ескертті.