Қауіпсіздік кеңесі Сириядағы Түркияның әрекеттеріне қарсы мәлімдеме жариялай алмады
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бейсенбі күні Түркияның Сирия жеріндегі әрекеттерін қарастыру үшін жиналғанымен Ресей мен АҚШ-тың қарсылығымен бұл әрекеттерге қарсы мәлімдеме жариялай алмады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, бұл отырыс Қауіпсіздік кеңесінің бес мүшесі, атап айтқанда Германия, Британия, Бельгия, Франция және Польшаның сұрауымен жабық есіктің артында өтті. БҰҰ Ресейдің тұрақты өкілі Түркияның Сирияның солтүстігіне жасаған шабуылын америкалық коалиция саясаттарының салдары деп атады. Василий Небензя бейсенбі күні Қауіпсіздік кеңесінің отырысында: «Түркияның Сирияның солтүстігіне жасаған шабуылы АҚШ пен коалицияның кейбір мүшелерінің «ДАИШ-ке қарсы» деп атаған Сирияның солтүстігіндегі халықты өзгертуді көздеген саясаттарының салдары. Мәскеу бұдан бұрын америкалық коалицияның мүшелеріне бұл саясаттың салдары туралы ескерту жасаған»,- деді.