Помпео: АҚШ саудиялықтардың қорғаныс қабілетін нығайтуды мақсат етеді
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Сауд Арабиясына жаңа әскери құрал-жабдықтар мен күштердің жіберілетініне тоқталып: "Вашингтон саудиялықтардың қорғаныс қабілетін нығайтуға мүдделі",-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Майк Помпео сенбі күні таңертең Сауд Арабиясына жаңа әскери құрал-жабдықтар мен күш жіберудің келесі бір себебін Иранмен соғысу деп астыртын меңзеді.
АҚШ Мемлекеттік департаменті Пентагон жұма күнгі мәлімдемесінде Сауд Арабиясына 3 мың жаңа әскери күш жіберудің күн тәртібіне қойылғанын хабарлап: "TAD пен Patriot деген америкалық зымырандық екі кешен де эр-Риядқа жіберіледі",-деді.
Пентагон, сондай-ақ, Сауд Арабиясында екі жаңа америкалық қырғи ұшақтар эскадронының орналасатынын хабарлады.
АҚШ үкіметіндегі "Иранға қарсы шара" атты топтың басшысы Брайан Хук сенбі күні таңертең берген сұхбатында Помпеоның сөзін қайталап: "Сауд Арабиясы АҚШ-тың қауіпсіздік саласындағы серіктесі саналады. Оның Иранға төтеп бере алуы өте маңызды",-деді.
Хук Вашингтонның Иранның Aramco мұнай нысандарына жасалған шабуылға қатысы бар деген уәждерін қайталады.