Франция Түркияға қару-жарақ экспортын тоқтатты
Қаз 13, 2019 12:40 Asia/Almaty
Франция Түркия армиясының Сирияның солтүстігіндегі әскери амалдарына наразылық білдіріп, Түркияға қару-жарақ экспортын тоқтатты.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Франция СІМ мен Қорғаныс министрлігі сенбі күні кешке жасаған ортақ мәлімдемеде Анкараның Сирияның солтүстігіндегі әскери амалдарына байланысты бұл елге қару-жарақ экспортын тоқтататынын хабарлап: "Түркияның Сирияның солтүстігіне әскери шабуылы Еуропаның қауіпсіздігіне қатер төндіреді",-деп хабарлады.
Бұған дейін Финляндия, Норвегия, Нидерланды және Германия сияқты елдер Анкараның Сирияның солтүстігінде жасаған әскери амалдарына наразылық ретінде Түркияға қару-жарақ экспортын тоқтатқан болатын.