Иран кейбір елдердің «Ислам республикасы Йемен істеріне араласады» деген уәждерін айыптады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43869-Иран_кейбір_елдердің_Ислам_республикасы_Йемен_істеріне_араласады_деген_уәждерін_айыптады
Иранның Парламенттік тобының басшысы Әлемдік Парламентаралық одақтың сесиясында кейбір елдердің «Ислам республикасы Йемен істеріне араласады» деген уәждерін айыптады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 16, 2019 13:14 Asia/Almaty
  • Иран кейбір елдердің «Ислам республикасы Йемен істеріне араласады» деген уәждерін айыптады

Иранның Парламенттік тобының басшысы Әлемдік Парламентаралық одақтың сесиясында кейбір елдердің «Ислам республикасы Йемен істеріне араласады» деген уәждерін айыптады.

Иранның Парламенттік тобының басшысы Сейеде Фатеме Хосейни Әлемдік Парламентаралық одақтың  141 сесиясында Бахрейн Парламенті өкілінің «Ислам республикасы аймақтағы гибридтік соғыстар мен Арамко мұнай зауытына жасалған шабуылдарға қатысты» деген уәждеріне берген жауапта: «Өкінішке орай, бұл уәждер аймақтағы оқиғаларды бұрмалап көрсету саясатының жалғасы. Бүгінде аймақтағы лаңкестер Бахрейн режимі секілді әртүрлі режимдердің қолдауына ие. Сондықтан аймаққа бейбітшілік пен тұрақтылық оралу үшін бұл режимдер өз саясаттарын қайта қарастыруы керек»,- деді.