Иран мен Германия Йемен мен Сириядағы әскери шабуылдарды тоқтату қажеттігін қуаттады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы мен Германия Парламентінің Вице-спикері Йемен мен Сириядағы әскери шабуылдарды тоқтату қажеттігін қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әли Лариджани сейсенбі күні Белградта Әлемдік Парламентаралық одақтың 141 сесиясы аясында Клаудио Ротпен кездесуінде: «Иран Түркияның Сириядағы әскери шабуылдарына қарсылықтарын жариялады. Өйткені шабуылдар адамдардың өлімі мен босқындар санының артуына соқтырып, Сирия мәселесі одан сайын қиындай түседі»,- деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы сондай-ақ Сауд Арабиясының Йеменге қарсы әскери шабуылы туралы: «Егер саудиялықтар Йемен дағдарысын саяси жолмен шешуді қабылдаса, Иран арағайындық жасауға дайын. АҚШ Сауд Арабиясынан ақша алатын уақыт әлі аяқталған жоқ деп ойлайды»,- деді.
Клаудио Рот та Лариджанимен кездесуінде Германияның Түркияның Сириядағы әскери шабуылдарына алаңдаушылық білдіріп отырғанын мәлімдеді.