Әл-Хабиб: АҚШ-тың біржақтылығы халықаралық келісімдерді әлсіретті
БҰҰ-дағы ИИР өкілі халықаралық қоғамдағы АҚШ-тың біржақтылығының халықаралық келісімдерді әлсіреткенін қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Исхақ әл-Хабиб дүйсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының төртінші комитетінің отырысында: «Халықаралық деңгейдегі АҚШ үкіметінің арсыз біржақты әрекеттері халықаралық бейбітшілік, қауіпсіздік пен дамуға көптеген қиындық тудыруы мүмкін»,- деп ескертті. Әл-Хабиб отырыста әлемдік байланыс орталығынан халықаралық қауымдастықты біржақты әрекеттердің елдердің экономикалық және әлеуметтік дамуына теріс әсерін тигізетінінен хабардар ету жұмыстарын арттыруды сұрады. Исхақ әл-Хабиб сөзінің жалғасында Палестина мәселесіне тоқталып: «ИИР БҰҰ-ның Палестина мәселесі алдында үлкен жауапкершілікке ие екенін қуаттайды. Иран халықаралық қауымдастықты Палестина жерлерін басып алу және палестиналықтарға қарсы санкция салудың салдардарынан көбірек хабардар етуді қолдайды»,- деді.