Путин мен Асад Ресей мен Түркия қол қойған келісім туралы сөйлесті
Ресей президенті Владимир Путин кеше сейсенбі күні Сирия президенті Башар Асадпен телефон арқылы сөйлесіп, Ресей мен Түркия арасында Сирияның солтүстігі туралы жасалған келісімнің жай-жапсарын түсіндірді.
IRNA News агенттігінің хабарлауы бойынша Путин Асадпен телефон арқылы сұхбатта Түркиямен жасаған келісімінің баптарына тоқталып, Мәскеудің Сирияның аумақтық тұтастығы мен егемендігінің сақталуын қуаттайтынын мәлімдеді.
Ресей президенті елі мен Түркия арасындағы кез келген келісімнің лаңкестіктің барлық түрі және көрінісі, сонымен қатар бөлінуді талап ететін барлық жобамен күресуге шоғырланатынын айтты.
Сирия президенті Башар Асад та сұхбатта өз елінің аумағына жасалатын кез келген шапқыншылық пен Сирия халқының құрылымын қандай да болмасын сылтаумен өзгерту мақсатындағы талпынысқа қарсы екенін баса айтты.
Путин мен Ердоған сейсенбі күні Сочи қаласында алты сағатқа созылған кездесуден кейін Сирияның солтүстігінің қауіпсіздік жағдайы туралы он баптан тұратын келісімге қол қойды.
Келісімге қол қойылғаннан кейін Ресей СІМ Сергей Лавров Түркияның Сирияның солтүстігіндегі әскери әрекеттерінің аяқталғанын хабарлады.