Рухани Кавказ мұсылмандары Басқармасының басшысымен кездесті
ИИР Президенті бейсенбі күні кешке Бакуде Кавказ мұсылмандары Басқармасының басшысы шейх ул-ислам Аллахшукюр Пашазадемен кездесіп, Иран мен Әзірбайжан халықтарының ертеден келе жатқан діни байланыстарын екі ел ынтымақтастықтарын нығайтуға септігін тигізетін маңызды фактор деп атап: «Ислам қоғамдары арасындағы бірлік негіздері одан ары нығайтылуы керек»,-деп қуаттады.
ИИР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани осы кездесуде: «Зұлымдық, экстремизм және терроризммен күрес – барлық илаһи діндердің, соның ішінде мұсылмандардың міндеті. Пәк ислам дінінің рақымды бейнесін әлем халықтарына бұрынғыдан көбірек көрсету керек»,-деді.
Аллахшукюр Пашазаде де кездесуде аймақ халқының дінге көбірек қызығушылық танытып жатқанына тоқталып: «Ислам діні қазір аймақ пен Әзірбайжан республикасында халықтарды біріктіретін фактор болып отыр. Біз адамдардың мешіттерге күннен күнге көбірек барып жатқанына куә болып отырмыз. Биыл Әзірбайжан халқы имам Хусейннің (ғ.) Арбағин шеруіне үлкен қолдау көрсетті»,-деді.