АҚШ-та ирандық ғалымды қамаудың жалғасуына қарсы наразылық кампаниясы басталды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44020-АҚШ_та_ирандық_ғалымды_қамаудың_жалғасуына_қарсы_наразылық_кампаниясы_басталды
Доктор Масуд Сүлейманидің АҚШ-та заңсыз ұсталуының жылдығында әлеуметтік желілерде ирандық ғалымды қамаудың жалғасуына қарсы #Free_Masoud_Soleimani наразылық кампаниясы басталды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 27, 2019 04:45 Asia/Almaty
  • АҚШ-та ирандық ғалымды қамаудың жалғасуына қарсы наразылық кампаниясы басталды

Доктор Масуд Сүлейманидің АҚШ-та заңсыз ұсталуының жылдығында әлеуметтік желілерде ирандық ғалымды қамаудың жалғасуына қарсы #Free_Masoud_Soleimani наразылық кампаниясы басталды.

 

 

Доктор Сүлейменидің жанұясы жариялаған мәлімдемеде: "Шын мәнінде АҚШ қонақ шақырып, оны түрмемен күтіп алды. Қай ел өз қонағын осылай қамауға алып, күтеді?"-деп жазылған.

Бұл мәлімдемеде АҚШ-тың діңгекті жасушалар саласындағы ирандық ғалымды түрмеге қамауын айыптап, АҚШ-тың түрмесіндегі оның психикалық және физикалық жағдайына алаңдаушылық білдірілді.

Осы мәлімдеме бойынша, доктор Сүлеймани қабынған ішек синдромы ауруына шалдыққан. Түрмеде оның салмағы 15 кг азайған.

Доктор Сүлейманидің жанұясы АҚШ-тың ирандық ғалымды түрмеге қамауын антигуманистік, жауластық шара деп айыптады.  

Бұл жас ғалым өз өмірінде ешқандай теріс әрі заңсыз іс жасамаса да, АҚШ соты оған сот отырысы болғанға дейін кепіл ақшамен шығуға рұқсат бермеді. Түрме күзетшілерінің айтуынша, доктор Сүлейманидің жүріс-тұрысы жақсы, ол өзін дұрыс ұстайды.

Доктор Масуд Сүлеймани 2018 жылдың 22 қазанында АҚШ-тың визасымен Миннесота Майо клиникалық институтының шақыруымен осы елге кірді. Бірақ Чикаго әуежайында АҚШ-тың FBI қызметкерлері қамауға алды.

Әлеуметтік желілерді қолданушылар #Free_Masoud_Soleimani хештегін қолдану арқылы АҚШ-тың антигуманистік қатынасын айыптап, доктор Масуд Сүлейманиді тез арада босатуды талап етті.