Халықаралық валюта қоры: Иранның экономикасы енді мұнайға тәуелді емес
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44042-Халықаралық_валюта_қоры_Иранның_экономикасы_енді_мұнайға_тәуелді_емес
Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, АҚШ-ның санкцияларына қарамастан 2020 жылы Иран экономикасының төмендеуі тоқтап, қалпына келу жолына түседі.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 28, 2019 15:30 Asia/Almaty
  • Халықаралық валюта қоры: Иранның экономикасы енді мұнайға тәуелді емес

Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, АҚШ-ның санкцияларына қарамастан 2020 жылы Иран экономикасының төмендеуі тоқтап, қалпына келу жолына түседі.


Bloomberg  Халықаралық валюта қорына сілтеме жасап: "Қазіргі кезде мұнай өндірісі Иранның жалпы ішкі өнімінің шамамен 20 пайыздан артығын құрайтындықтан Иран экономикасы енді мұнайға тәуелді емес деп айтуға болады",- деп мәлімдеді. Халықаралық  валюта қорының болжамы бойынша, ағымдағы жылы Иранның мұнайдан тыс экспорты бұрын-соңды болмаған деңгейге жетіп, 40 миллиард доллардан асады. Экономика тұрақтылылығының ең анық белгісі – риалдың күшеюі. Мамыр айынан осы кезге дейін Иран риалының құны АҚШ долларының алдында 40 пайызға артты.