Еуразия мен Иранның экономикалық-сауда ынтымақтастығының жаңа мұрсаттары
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44048-Еуразия_мен_Иранның_экономикалық_сауда_ынтымақтастығының_жаңа_мұрсаттары
Иран мен Еуразия экономикалық одағының сауда байланысы жөніндегі меморандум өткен жексенбіден бастап іске асырыла бастады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 28, 2019 17:32 Asia/Almaty
  • Еуразия мен Иранның экономикалық-сауда ынтымақтастығының жаңа мұрсаттары

Иран мен Еуразия экономикалық одағының сауда байланысы жөніндегі меморандум өткен жексенбіден бастап іске асырыла бастады.

 

Бұл меморандумда 862 өнім, соның ішінде Иранның Еуразия экономикалық одағына жіберетін 360, Одақтың Иранға экспорттайтын 502 өнімі туралы айтылған. ИИР 2006 жылы Еуразия экономикалық одағының комиссиясына Иран мен Одақ арасында азат сауда аймағын құруды ұсынды. Бұл ұсынысты Еуразия экономикалық одағы мүшелері қолдап, 2018 жылдың мамыр айында меморандумға қол қойылды. Бүгінде Иран мен Еуразия экономикалық одағының сауда айналымының алғашқы кезеңі басталуымен келесі қадам, яғни алдағы үш жылда бүкіл тауарлардың тарифтерін төмендететін толық келісімге қол қойылу күтілуде. Мамандардың пікірінше, Иран мен Еуразия экономикалық одағы арасындағы сауда әлеуетіне көңіл бөліп, бұл Одақ Иранның экспорттық тауарларының үлкен әрі сенімді нарығына айналу мүмкіндігіне ие деп айтуға болады. Бұл мемлекеттер 20 млн км² көлемімен сауда мен экономика саласындағы үлкен нарық саналады. Еуразия экономикалық одағы мүшелерінің арасында ең үлкен мемлекет Ресейдің 140 млн халқы бар нарығы ирандық бизнесмендердің алдынан ашылды. Еуразия мәселелері жөніндегі эксперт Уали Кузегяр Каланджидің пікірінше, аталмыш меморандумның іске асырылуы Иран саудасының, әсіресе ауылшаруашылығы секторының дамуына себеп болады. Иран мен Еуразия экономикалық одағына мүше бес елдің әлеуеті сауданы дамытуға жағдай тудырды. Сондай-ақ, Иранның географиялық жағдайы Еуразия экономикалық одағына мүше елдерді Парсы шығанағы мен Батыс Азияға қосуға көмектесе алады. Негізінде Еуразия экономикалық одағы мен Иранның азат сауда келісімі бойынша, аймақтық экономикалық ынтымақтастықтар басталды деп айтуға болады. Сауданы жеңілдету, ортақ нарық құру, Одақтың ішінде кедендік заңдарды біртіндеп жою, тауарларды еркін тасымалдау, инвестиция, жұмыс күші мен Еуразия экономикалық одағы шекараларындағы қызмет, энергетика, өндіріс пен ауылшаруашылығы салаларында ортақ саясат орнату Одақтың мақсаттары болып табылады. Мұнымен қатар Иран Жібек жолы, Азия темір жолы, Солтүстік және Оңтүстік дәлізі сынды жобаларда маңызды рөл атқарады.  Еуразия экономикалық одағы арасындағы меморандумның мүмкіндіктері инвестициялар мен ғылым мен технология салаларындағы ортақ жобаларды іске асыруға мүмкіндік тудырады.