Иран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін Израильдің басқыншылығын тоқтата алмағаны үшін сынады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44054-Иран_БҰҰ_Қауіпсіздік_кеңесін_Израильдің_басқыншылығын_тоқтата_алмағаны_үшін_сынады
Иранның БҰҰ өкілі әлемдік қауымдастықты сионистік режимнің Палестина жері мен аймаққа экспансиясын тоқтатуда сәтсіздікке ұшырады деп айыптады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 29, 2019 12:15 Asia/Almaty
  • Иран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін Израильдің басқыншылығын тоқтата алмағаны үшін сынады

Иранның БҰҰ өкілі әлемдік қауымдастықты сионистік режимнің Палестина жері мен аймаққа экспансиясын тоқтатуда сәтсіздікке ұшырады деп айыптады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Исхақ Але Хабиб дүйсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің «Батыс Азия бейбітшілігі мен қауіпсіздігі және Палестина мәселесі» тақырыбында өткен отырысында Қосылмау қозғалысы мен Ислам ынтымақтастық ұйымының өкілі ретінде: «Бұл кеңес 2500‑ге жуық қарар бекітті. Олардың 365‑і тікелей немесе жанама түрде Палестина мәселесіне қатысты болды, бірақ олардың ешқайсысы орындалмады. Израиль режимі Батыстың кейбір елдері тарапынан толық қорғалуы және солардың қолдауымен өздерінің жабайы әрекеттері мен заңсыз саясаттарын жалғастырып келеді.  

Израиль күштері палестиналықтарды рақымсыздықпен өлтіруді жалғастырып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша, 2018 жылдың өзінде олар 299 палестиналықты өлтіріп, 31 мың адамды жаралаған. Олардың көбі Газадағы «Оралу құқығы» атты ірі шеру барысында жараланып, қаза тапты»,‑деді.