Иран мен Ресей және Түркия Сирияның аумақтық тұтастығын сақтауды қуаттады
Иран мен Ресей және Түркия Сыртқы істер министрлері Женевада өткен отырыстың соңында Сирияның егемендігі мен тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығын сақтау керектігін қуаттады.
IRNA News агенттігінің хабарлауы бойынша Мохаммад Джавад Зариф, Сергей Лавров пен Мевлют Чавушоғлы отырыстан кейін мәлімдеме жариялап, Сирияның егемендігі мен тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығын сақтау қажеттігін қайта қуаттап, үш елдің Сирияда лаңкестік топтар толығымен жеңілгенше бір-бірімен серіктестік жасауды жалғастыруға келіскенін мәлімдеді.
Зариф, Лавров пен Чавушоғлы мәлімдемеде Сирия Конституциясы комитетін құруға қолдау бідіріп, БҰҰ Бас хатшысының Сирия ісі жөніндегі арнайы өкілі Гейр Педерсеннің талпыныстарына алғыс айтты.
Үш елдің Сыртқы істер министрлері сонымен қатар Сирия дағдарысының әскери шешім жолы жоқ екенін, бұл дағдарыстың саяси шешім жолы үдерісін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2254 жарғысы негізінде ілгерілететіндерін мәлімдеді.
Сирия Конституциясы комитетінің алғашқы отырысы бүгін сәрсенбі күні Женевада өтеді.