Азари Джоһрами: Иран 33 млн киберлік шабуылды залалсыздандырды
Қаз 30, 2019 14:19 Asia/Almaty
Иранның байланыс және ақпараттық технология министрі елінің өткен жылы 33 млн киберлік шабуылды залалсыздандырғанын айтты.
Мохаммад Джавад Джоһрами киберлік қауіпсіздік тақырыбында Мюнхенде өткен қауіпсіздік конференциясының министрлер саммитінде: «Бүгінде киберлік қоқан- лоққылар азаматтар мен олардың өміріне қатысты қызметтердің кең ауқымына қауіп төндіріп отыр.
Иран киберлік шабуылдардың құрбандарының бірі ретінде аталмыш шабуылдарға қарсы өзінің қорғаныс әлеуетін Dezhfa кешені арқылы арттырды», - деді.
Dezhfa киберлік шабуылдардан күшті қорғайтын тәуелсіз және бір-бірімен байланысты он кешеннен тұрады.