Аймақ қауіпсіздігі мен бейбітшілігі – Иран дипломатиясының өзегі
Мохаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Қатарда өткен Мюнхен аймақтық саммитіне қатысқан соң Женеваға аттанды.
Иран, Ресей, Түркия Сыртқы істер министрлері Женевада ортақ отырыс өткізген соң БҰҰ Бас хатшысының Сирия ісі жөніндегі арнайы өкілі Гейр Педерсенмен кеңесіп, мәлімдеме жариялады.
Мәлімемеде Сирия Конституциясы комитетін құру және оның үстіміздегі жылдың қазан айының 30 күні Астана келіссөздері үдерісіне кепіл елдердің әсерлі көмектерінің нәтижесі ретінде басталуы мен Сочиде өткен Сирия Ұлттық сұхбаты конгресінің шешімдерін жүзеге асыру құпталып, БҰҰ Бас хатшысының Сирия ісі бойынша арнайы өкілінің талпыныстарына алғыс айтылды. Сирия Конституциясын дайындау комитетінің отырысы бүгін сәрсенбі күні басталады. Бұл отырыс Сирия дағдарысының саяси шешім жолындағы маңызды қадам саналады. БҰҰ-ның Сирия ісі бойынша өкілі Гейр Педерсен Женевада өткен баспасөз конференциясында: «Конституция комитетінің жұмысының басталуы қиындықтары созылып кеткен Сирия халқы үшін үміт саңылауы бола алады. Бұл комитетті құру Сирия үкіметі мен сириялық қарсыластар арасындағы алғашқы келісім болады» деді.
Сирия соғысын доғару мақсатындағы Астана мен Женева үдерістері бүгінде Конституция комитетін құру деген маңызды кезеңге жетті. Конституция комитетінің құрылуы ИИР мен Ресей және Түркияның «Астана» келіссөздері үдерісі түріндегі үздіксіз талпыныстарының нәтижесі. Сирияға тыныштық пен тұрақтылық қайтарудағы үшжақты отырыстардың әсерлі рөлін теріске шығаруға болмайды. БҰҰ Бас хатшысының Сирия ісі бойынша арнайы өкілі Гейр Педерсен мұның алдында Конституция комитетінің жұмысы Сирияның егемендігі мен тәуелсіздігі, бірлігі және аумақтық тұтастығынын қамтитын БҰҰ-ның Уставы мен Қауіпсіздік кеңесінің резолюцияларымен сәйкесетін басты принциптерге негізделген деген болатын. Осы тұрғыдан Сирия Конституциясы комитетін құру Сирияның жетекшілігі және иелігімен, БҰҰ-ның Сочиде өткен Сирия Ұлттық сұхбаты конгресінің шешімдері және Қауіпсіздік кеңесінің №225 резолюциясын іске асыруға көмектесуімен де тұрақты саяси үдеріс қалыптастыру үшін жолды жеңілдететін маңызды қадам саналады. Енді осы аяда комитеттің отырысы 150 мүшесінің қатысуымен басталады. Конституцияны реттейтін комитет өзінің алғашқы отырысын жұма күні Женевадағы БҰҰ штабында Конституцияға реформа енгізу үшін өткізеді.
Үшжақты отырыстардағы маңызды жайт сұхбаттардың ортақ мақсаттармен жалғасуында. Бұл аймақ қауіпсіздігін нығайту үшін маңызды жетістік. Осы негізде Иран, Ресей мен Түркия Сыртқы істер министрлері Женева мәлімдемесінде Конституция комитеті жұмысының басталуын Сирия дағдарысының әскери шешім жолы жоқ екенін растайтынын мәлімдеді.