Америка әл-Бағдадиді өлтірген әскери операцияларының видеосын жариялады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44078-Америка_әл_Бағдадиді_өлтірген_әскери_операцияларының_видеосын_жариялады
CENTCOM видео жариялап, оның Сирияда ДАИШ лаңкестік тобы қолбасшысының штабына жасаған шабуыл деген уәж айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 31, 2019 09:18 Asia/Almaty
  • Америка әл-Бағдадиді өлтірген әскери операцияларының видеосын жариялады

CENTCOM видео жариялап, оның Сирияда ДАИШ лаңкестік тобы қолбасшысының штабына жасаған шабуыл деген уәж айтты.

CENTCOM лаңкестік ұйымының қолбасшысы генерал Франк Маккензидің айтуы бойынша америкалық әскерилер Сирияның Идлиб облысындағы әл-Бағадидің жасырынған орнына жеткен соң ғимараттың ішіндегі адамдардан еш қарсылықсыз берілуді сұраған. Осы мәліметке сәйкес, америкалық әскерилер ғимараттан он бір баланы шығарған. Бірақ ДАИШ тобының бес мүшесі америкалықтарға қоқан-лоққы жасай бастағандықтан оларды өлтірген. Бесеудің бірі әйел адам болған.  

Генерал Маккензидің айтуы бойынша, америкалық әскери күштер әл-Бағдадидің туннельде жасырынып қалғанын байқаған. Ол өзінамерикалық әскерилер ұстайтынын білгенде беліндегі жарылғыш белбеуін жарып жіберіп, өзімен қоса қасындағы екі баланы да өлімге душар еткен.