Жаңа басшылық кезеңінде Агенттік тәуелсіздік пен бейтараптығын сақтауы керек
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44079-Жаңа_басшылық_кезеңінде_Агенттік_тәуелсіздік_пен_бейтараптығын_сақтауы_керек
Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты өкілі жаңа басшылық кезеңінде Атом Қуаты халықаралық Агенттігі бейтараптық пен тәуелсіздікті сақтауы керектігін баса айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 31, 2019 11:19 Asia/Almaty
  • Жаңа басшылық кезеңінде Агенттік тәуелсіздік пен бейтараптығын сақтауы керек

Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты өкілі жаңа басшылық кезеңінде Атом Қуаты халықаралық Агенттігі бейтараптық пен тәуелсіздікті сақтауы керектігін баса айтты.

Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауы бойынша Казем Ғарибабади кеше Рафаэль Гросиидің Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры болып сайлануына білдірген реакцияда: "ИИР әрдайым Агентіктің кәсібилігі мен тәуелсіздігі және бейтарап әрекет етуі керектігін баса айтып келеді. Теһран бұл қатынасты Агенттік пен оның басшыларынан кез келген жағдайда сақтауды күтеді.
Мүше елдер де Агенттікке қысым жасаудан қатаң бойтартуы керек", - деді.

Ғарибабади АҚХА-нің жаңа Бас директорынан бұрынғы басшылар секілді ядролық келісімді сақтауда маңызды рөл атқаруды сұрады.