Америка Иранға қарсы FATF шараларын қолдады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44087-Америка_Иранға_қарсы_fatf_шараларын_қолдады
Америка Мемлекеттік департаменті бүгін бейсенбі күні мәлімдеме жариялап, Иран Ислам Республикасына қарсы FATF деп аталатын қаржы шараларының арнайы тобының әрекеттерін қолдайтынын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 31, 2019 17:56 Asia/Almaty
  • Америка Иранға қарсы FATF шараларын қолдады

Америка Мемлекеттік департаменті бүгін бейсенбі күні мәлімдеме жариялап, Иран Ислам Республикасына қарсы FATF деп аталатын қаржы шараларының арнайы тобының әрекеттерін қолдайтынын мәлімдеді.

Fars News агенттігінің хабарлауы бойынша, Американың Мемлекеттік департаменті мәлімдемеде осы топ мүшелерінен Иранмен күресуді сұрады. 

Қаржы операцияларының арнайы тобы жуырда мәлімдеме жариялап, егер Иран 2020 жылдың ақпан айына дейін Палерма конвенциялары және лаңкестікті қаржылай қамтамасыз етумен күрес жобасын FATF стандарттарымен сәйкестендіріп, заң түрінде бекітпесе, FATF тоқтатып қойған қарсыласу шараларын толық іске қосып, мүшелерінен №19 ұсыныс хатқа сәйкес әсерлі күрес шараларын жүзеге асыруды сұрайтынын мәлімдеді.