Джаһангири АҚШ-тың біржақтылығымен күресуді қуаттады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44097-Джаһангири_АҚШ_тың_біржақтылығымен_күресуді_қуаттады
ИИР Вице-президенті аймақтық ұйымдарды күшейтіп, АҚШ-тың біржақтылығымен күресуге болатынын қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 01, 2019 15:58 Asia/Almaty
  • Джаһангири АҚШ-тың біржақтылығымен күресуді қуаттады

ИИР Вице-президенті аймақтық ұйымдарды күшейтіп, АҚШ-тың біржақтылығымен күресуге болатынын қуаттады.


 

Исхақ Джаһангири жұма күні Ташкент әуежайында журналистердің алдында берген сұхбатта: «Халықаралық мәселелерді шешу және әлемдік басқару тек жанжақтылық арқылы мүмкін»,- деді. Ол өзінің Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер Премьер-министрлерінің 18-ші отырысына қатысу мақсатында жасаған Ташкент сапары туралы: «ШЫҰ экономикалық, саяси және қауіпсіздік ынтымақтастықтар үшін көптеген мүмкіндікке ие. Сондықтан бұл ұйымға мүше елдер осы мүмкіндіктерге сүйеніп, өз ынтымақтастықтарын арттыра алады. Теһран ШЫҰ-на тұрақты мүше болып енгісі келеді»,- деді. Джаһангири бұл отырыста сөз сөйлеуімен бірге кейбір әріптестерімен кездесуді жоспарлап отыр.