ИИР Вице-Президенті ШЫҰ-ның отырысына қатысу үшін Өзбекстанға аттанды
ИИР Вице-Президенті Исхақ Джаһангири Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Премьер-министрлерінің отырысына қатысу үшін Өзбекстанға аттанды.
ИИР Вице-Президентінің осы отырысқа қатысуы ИИР-ның аймақтық және халықаралық ең маңызды мәселелер туралы ұстанымдары мен көзқарастарын жеткізуге және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің әріптестігін нығайту үшін берілген қолайлы мұрсат болды.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы – 2001 жылдың 15 маусымында Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан құрған халықаралық үкіметаралық ұйым. 2016 жылы Ташкентте өткен ұйымның отырысында Үндістан мен Пәкістан өкілдері ШЫҰ-ға тұрақты мүше болу туралы ноталарға қол қойды. Қазақстанда өткен 18-ші отырыста бұл екі ел осы ұйымның толық мүшесі болып қабылданды. ИИР, Ауғанстан, Моңғолия мен Беларусь – ұйымның бақылаушы мүшелері.
Бұл ұйым екі тұрғыдан маңызды: біріншіден, аймақтық елдерге төніп тұрған біржақтылық пен қоқан-лоққыға қарсы ұйым.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы – НАТО-ға қарсы тұру үшін құрылған ұйым. Оны құрудың басты себебі – АҚШ-тың Қытай мен Ресей сияқты ірі елдерге ықтималды араласушылығы немесе аймақта әскери қақтығыстар жасауының алдын алу;
екіншіден, Шанхай ынтымақтастық ұйымы аймақтық қарым-қатынаста қуатты ұйым ретінде жан-жақты стратегиялық атсалысуға негізделген үлгі қалыптастырды.
Бұл аяда экономикалық әріптестіктерді, әсіресе энергетика саласындағы ынтымақтастықтарды дамыту ШЫҰ-ның келесі бір маңызды мақсаты саналады.
Өткен онжылдықта осы ұйымның мақсаттары мен бағдарламаларының маңызын арттырған нәрсе Еуразия мен оның айналасындағы геосаяси кеңістікте орын алған өзгерістер болып табылады.
Батыс Азияда экстремистік және лаңкестік топтардың белсенділігінің таралуы және экономикалық даму мен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қажеттігі ШЫҰ-ның іс-шараларына көбірек көңіл бөлінуге себеп болды.
Осы орайда Иранның аймақтағы географиялық жағдайы ШЫҰ-ға мүше елдер үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды.
Қазіргі таңда ШЫҰ-ның негізін қалаушылардың бірі саналатын Ресей мен Қытай сияқты ірі елдер Иранмен стратегиялық қарым-қатынасқа ие. Иран сауда келісімі аясында еркін аймақ құру арқылы Еуразия экономикалық одағымен байланыс орнатып, осы одаққа мүше елдермен әріптестігін арттыруда.
ШЫҰ аймақта сауда-экономикалық әріптестіктерді дамыту үшін қолайлы мұрсат тудырды. Даму үшін соларды пайдалану керек. Осы тұрғыдан ИИР Вице-Президентінің Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Премьер-министрлерінің 18-ші отырысына қатысуы осы ынтымақтастықтарды нығайтуға берілген мұрсат саналады.