Лавров: АҚШ Сирияның мұнай кеніштеріне ғана назар аударып отыр
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44117-Лавров_АҚШ_Сирияның_мұнай_кеніштеріне_ғана_назар_аударып_отыр
Ресей Сыртқы істер министрі сенбі күні АҚШ-тың ДАИШ лаңкестік тобымен күреске көңіл бөлмей отырғанына тоқталып: "Вашингтон Сирияның мұнай кеніштерін пайдалануды ғана көздеп отыр",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 03, 2019 14:03 Asia/Almaty
  • Лавров: АҚШ Сирияның мұнай кеніштеріне ғана назар аударып отыр

Ресей Сыртқы істер министрі сенбі күні АҚШ-тың ДАИШ лаңкестік тобымен күреске көңіл бөлмей отырғанына тоқталып: "Вашингтон Сирияның мұнай кеніштерін пайдалануды ғана көздеп отыр",-деді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сергей Лавров Russia-24 телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тың Сирия мұнайын контрабандалық жолмен елден шығарып жатқанын айтып: "Вашингтон Сирия мұнайы саудасынан түсетін табыс арқылы осы елде өзіне бағынышты қарулы топтарға қолдау көрсетіп отыр.

АҚШ Сирия үкіметінің өз мұнай кеніштеріне қол жеткізуіне тосқауыл жасауға күш салуда",-деді.

Ресей СІМ ақпарат хатшысы Мария Захарова сенбі күні: "Вашингтон Сирияның солтүстік-шығысындағы мұнай кеніштерінен заңсыз түрде айына құны 30 млн доллардан асатын мұнай өндіреді",-деп хабарлады.