Дүниежүзілік сауда ұйымы Қытайға америкалық тауарларға санкция салуға рұқсат берді
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) Қытай мен АҚШ арасындағы ұзаққа созылған дау-дамайдан кейін Қытайға америкалық тауарлардың миллиардтаған долларына санкция салуға рұқсат берді.
Қытайдың мемлекеттік телеарнасы сенбі күні ұзақ мерзімнен кейін ДСҰ-ның: "Қытай 3 млрд 300 млн доллар мөлшерге дейін америкалық тауарларға санкция салып, тарифтер енгізе алады",- деп жариялағанын хабарлады. Қытай 2013 жылы шағым түсіріп, америкалық тауарларға 7 миллиард долларлық тарифті іске асыруды талап еткен болатын. Бірақ ДСҰ бұл мөлшердің жартысына жуығын ғана қабылдады. Саяи сарапшылардың пікірінше, ДСҰ-ның бұл жолғы рұқсаты дәл осы кезде АҚШ-пен үлкен сауда тартысына түскен Бейжің үшін үлкен жеңіс саналады. Дүниежүзілік сауда ұйымы Қытайға рұқсатты қытайлық БАҚ-ның екі елдің лауазымды тұлғасы арасындағы келіссөздерден кейін Бейжің-Вашингтон келісімін жариялаған кезде беріп отыр. 2018 жылдың ақпан айында Қытай-АҚШ сауда келіссөздері басталғаннан бері екі мемлекет көптеген даулы мәселелер бойынша екіжақты 13 кездесу өткізіп, қайшы мәселелердің көбі жөнінде келісімге келді. Бірақ келіссөздер сан рет АҚШ-тың уәдені бұзуы салдарынан шарықтау және құлдыраулармен бетпе-бет келді. АҚШ-тың уәде бұзу ұстанымын түсінген "Като" саясатты зерттеу орталығының директоры CNBC-ге берген сұхбатында АҚШ үкіметінің Бейжіңге қатысты дұшпандық көзқарасын жалғастыратынын баса айтты. Дональд Трамп 200 млдр долларлық қытайлық тауарларға тариф енгізіп, Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда шиеленістерін арттыруы мүмкін. Әлем Трамптың Қытайдың 200 миллиард долларлық тауарларына тариф енгізу шешімін қашан және қалай орындайтынын күтуде. Мұндай көзқарас кейбір мәліметтер Қытайдың сауда соғысында АҚШ-қа қарсы тұру үшін бірқатар қарсы шара қабылдаған жағдайда айтылды. Басқаша айтқанда Бейжің АҚШ әрекеттеріне жауап ретінде 60 млрд долларлық америкалық тауарға тариф енгізуге дайындалуда. Cаяси сарапшылардың пікірінше, Бейжіңнің Вашингтонның іс-әрекетіне жауап қайтаруы бір жағынан Бейжің өз институттары мен компанияларын қорғау үшін АҚШ-қа қарсы кез-келген қажет және қарсы шара қабылдаудан тартынбайтынын білдіреді. Басқа жағынан, ДСҰ-ның Қытайға АҚШ тауарлары мен қызметтерін бойкоттауға рұқсат етуі Бейжіңнің АҚШ-пен 16 айға созылған сауда соғысындағы жеңісі болып табылады. АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметінше, бұл ел үкіметінің ұлттық қарызы 23 трлн доллардан асты. Бұл АҚШ тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай. АҚШ Қаржы министрлігінің пікірінше, АҚШ бюджет тапшылығының артуы Дональд Трамп үкіметінің қаржы саясаттарының салдары.