Ирандық зерттеуші Германиядағы Ньюрнберг көрмесінің жүлдесін алды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44157-Ирандық_зерттеуші_Германиядағы_Ньюрнберг_көрмесінің_жүлдесін_алды
Ирандық зерттеуші бауырдың майлылығын емдейтін өсімдік дәрісі және теріні жасартатын өсімдік кремі үшін Германиядағы Ньюрнберг көрмесі қазылар алқасының арнайы жүлдесін иеленді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 05, 2019 16:24 Asia/Almaty
  • Ирандық зерттеуші Германиядағы Ньюрнберг көрмесінің жүлдесін алды

Ирандық зерттеуші бауырдың майлылығын емдейтін өсімдік дәрісі және теріні жасартатын өсімдік кремі үшін Германиядағы Ньюрнберг көрмесі қазылар алқасының арнайы жүлдесін иеленді.

 

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Германиядағы Ньюрнберг көрмесі қазылар алқасының арнайы жүлдесін иеленген Иранның дәстүрлі ем саласындағы маманы Хамидолла Афрасиабиан өз өнімдері жөнінде: "Теріні жасартатын тромбоциттік өсімдік кремі қанның тромбоцитінің терге сіңуіне жол ашып, терінің жасаруына себеп болады",- деді.  Афрасиабиан бауырдың қабынуы мен артық майдың жиналуын емдеу үшін ойлап тапқан өсімдік дәрісі туралы: "Сарапшылардың айтуы бойынша, бауырдың майлылығын емдейтін ешбір химиялық дәрі осы уақытқа дейін өндірілмеген болатын. Бірақ бірнеше жылдық еңбек нәтижеге жетіп, үш өсімдіктің сығындысы және нанотехнологияның арқасында бұл дәрі жасалды",- деді.